12.12.2022

Оңалту процесі ойын түрінде өтеді.

Оны елімізде алғаш болып қаладағы №2 қалалық балалар ауруханасы қолданыста сынап көрді. Құрылғы тірек-қимыл аппаратын қалпына келтіруге септеседі. Реабилитацияға арналған құрылғыда церебральды сал ауруы, бас-ми жарақаты, инсульт, аутизм және басқа нейродегенеративті аурулары бар балалар жаттыға алады. Ең бастысы, оңалту процесі ойын түрінде өтеді. Дәрігерлер курстан соң балаларда оң нәтиже болғанын айтады.

«Бұрын науқастар оңалту кезінде жаттығуды инструктордың көмегімен жасайтын. Ол барлығының басы қасында болып түсіндіріп, өзі жүретін еді. Бұл жерде реабилитациядан өту кезінде науқас барлық деңгейді өтуі керек. Ол барлық тапсырмаларды өзі орындауы қажет. Әр балаға жеке бағдарлама әзірленеді», – деді №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасы бас дәрігері орынбасарының міндетін атқарушы Әсел Төлендиева.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.