Алматыда балалар құқын қорғау үшін әлеуметтік мекемелерде бейнебақылау жүйесі орнатылады

05.04.2021

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімовамен бірге онлайн форматта әлеуметтік нысандарда бейнебақылау жүйесін орнату мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өткізді.

Кеңес Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа жолдауында берілген пенитенциарлық мекемелер мен полицияның арнайы үй-жайларындағы барлық «көрінбейтін» учаскелерді қамтитын бейнебақылау жүйесін енгізу туралы тапсырмаларды іске асыруға қатысты өтті. Әлеуметтік нысандардағы «көрінбейтін» аймақтарды бақылаудағы басты мақсат адам құқықтарын қайшы іс-әрекеттерден қорғауды нығайту болып табылады. Сондықтан Алматының медициналық-әлеуметтік мекемелерінде көрінбейтін аймақтарды жою жоспарланған.

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова бейнекамераларды орнатудың мақсаттары мен міндеттері белгіленген бірыңғай нормативтік қаулы әзірленетінін хабарлады. Бұл ретте «көрінбейтін» аймақ термині жеке кеңістік, гигиена орындарын (душ бөлмелері және т. б.) қамтымай, құқықтық тәртіп кепілі мен адам құқықтарын сақтау арасындағы балансты сақтайды.

Бұл жұмыс қоғамдық бақылауды күшейтумен қатар жүргізіледі. Тиісті ұсыныстарды Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі, «Адам құқықтары үшін хартия» қоғамдық қорының атқарушы директоры Жеңіс Тұрмағамбетова, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі, Орталық Азиядағы PRI (Халықаралық түрме реформасы) өкілдігінің басшысы Жанна Назарова айтты. Ал Білім министрлігі мен қала прокуратурасының өкілдері заңнама талаптары мен бала құқықтарын сақтай отырып, бейнебақылау орнату, сондай-ақ мектепке дейінгі мекемелер мен мектептердің тәжірибесі туралы ұсыныстарын айтты.

Бейне-конференция байланыс жүйесі бойынша Алматы қаласы Полиция департаментінің бейнебақылау жүргізу және деректерді сақтау мен олардың қолжетімділігі бойынша оң тәжірибесы қаралды. Алматы қаласының Полиция департаменті Ақпараттандыру және байланыс басқармасының басшысы Ольга Агафонова Жедел басқару орталығының жұмыс принципін көрсетті.

Кеңес қорытындысы бойынша Алматы қаласының әкімдігі тарапынан білім, қоғамдық денсаулық, әлеуметтік әл-ауқат басқармалары мен ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, «Адам құқықтары үшін хартия» қоғамдық қоры арасында «көрінбейтін» аймақтарды жою жөнінде келісім жасалды.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қалалық білім, денсаулық басқармаларына, сондай-ақ келісу бойынша — әлеуметтік әл-ауқат басқармасына бірқатар нақты тапсырма берді.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі