27.08.2020

Алматы әкімі Б. Сағынтаев балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету шаралары туралы айтты.

«Алматының білім болашағы: жаңа жағдайдағы перспективалық шешімдер» форумында сөйлеген сөзінде Б. Сағынтаев мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы орын тапшылығы мәселесін шешу мақсатында 2020 жылдың басынан бері 670 орынды төрт мемлекеттік бөбекжайдың пайдалануға берілгенін айтты. Үстіміздегі жылдың соңына дейін бір мемлекеттік балабақшаның құрылысы аяқталып, 520 орынды тағы үш жаңа балабақшаның құрылысы басталады.

361 жекеменшік балабақшада 17,5 орынға мемлекеттік білім тапсырысы берілген. Дегенмен, орын тапшылығы азаймай тұр. Өйткені ата-аналар балаларын жеке балабақшалардағыдай қосымша төлемді қажет етпейтін мемлекеттік балабақшаларға бергілері келеді.

«Балаларды мектеп жасына дейінгі тәрбиемен қамтуды ұлғайту үшін біз Үкіметке жеке балабақшалардағы қосымша қызметтерге ата-аналардың ақы төлеуін жартылай жою жөнінде ұсыныс жасаған едік. Біздің бұл ұсынысымыз қолдау тапты, осы мақсатта жергілікті бюджеттен шамамен 3 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінетін болады», — деп хабарлады Б. Сағынтаев және оның балалары жекеменшік балабақшаларға баратын отбасылардың шығынын азайтуға ықпал ететін атап өтті.

Осы оң шараның қолға алынуы арқасында жекеменшік балабақшаларда қосымша 5 мыңға жуық орын ашылады деп күтілуде. Қалада мектеп жасына дейінгі білім беретін 893 ұйым жұмыс істейді, олардың тек 189 (21,2%) мемлекеттік, 704 (78,8%) жекеменшік балабақшалар. 3 жастан 6 жасқа дейінгі 18 мыңнан астам бала кезекте тұр.

2021 жылы жобалық қуаттылығы 2 590 орын болатын 13 балабақшаны іске қосу жоспарланған. Ғимараттарды қайтару және оларды модернизациялау жолымен қосымша 2 200 орын ашылатын болады. Осылайша, 2020-2021 жылдары қосымша барлығы 12 790 орын құрылады, ал бұл балабақша кезегін 70%-ке төмендетеді.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі