Бұл мәліметтерді Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мәлімдеді.
ҚДБ өкілінің деректері бойынша, бүгінгі күні Алматы қаласы бойынша жалпы практика дәрігерінің бір учаскесіне жүктеме – 1 616 адамды құрайды, жоспарлы жүктеме – 1 700 адам, бір терапевтік учаскеге – 2 164 ересек адам, жоспар бойынша – 2 200 адам, педиатриялық учаскеде жоспар бойынша 6 жасқа дейінгі 500 бала болуы тиіс, ал мұндағы балалар саны – 777.
- Бүгінде педиатриялық учаскелерде 14 жасқа дейінгі балалар тіркелген. Біз 6 жасқа дейінгі балаларға қызмет көрсететін педиатриялық учаскелердің жүктемесін кезең-кезеңмен азайтуды жоспарлап отырмыз, - деді Л. Мырзағали.
ҚДБ басшысының орынбасары жалпы практика дәрігерлерінің жүктемесін ескере отырып, 2021 жылғы 1 қаңтар мен 1 шілде аралығында Алматыда МСАК ұйымдарында жалпы практика дәрігерлерінің 15 қосымша учаскесі ашылғанын айтты. Қала бойынша барлығы 989 учаске ұйымдастырылған.
Сонымен қатар Л. Мырзағали Алматы тұрғындары бүгін «Даму» мобильдік қосымшасында электрондық қызметтердің кең спектрін пайдалана алатынын хабарлады. Мысалы, дәрігердің қабылдауына жазылу, Дәрігерді үйге шақыру, зертханалық зерттеулердің нәтижелерін, аурухана парақтарын қарау, дәрі-дәрмектерді табу және т. б.
- Нәтижесінде пациенттерге қызмет көрсету уақыты 20%-ға, кезекте тұру уақыты 30%-ға қысқарды. Пациентті дәрігерге жазу уақыты 2 есе және дәрігерді үйге шақыру уақыты 1,5 есе азайды, - деп атап өтті ҚДБ басшысының орынбасары.
Бұл қосымшаның ыңғайлылығы 859 мыңға жуық адамның жеке кабинеттер құрып, онда көрсетілген қызметтерді белсенді пайдаланатындығымен расталады.
Бүгінде «Электронды денсаулық паспорты» 1 856 329 адамға құрылды, ол барлық тіркелген халықтың 98%-ын құрады.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі