Арнайы техника өте алмайтын, қолжетімсіз орындарды өңдеу үшін эксперименталды түрде дрондар қолданыла бастады. Бұл өңдеу аумағын кеңейтуге және жұмыстың тиімділігін арттыруға септігін тигізеді. Биологиялық өңдеудің негізгі бөлігі механикалық тәсілмен аспалы бүркуіштің көмегімен жүзеге асырылады.
Синоптиктердің болжамына сәйкес 21-27 сәуір аралығында жауын-шашын күтілуде. Жауын кезінде биологиялық заттардың белсенділігі төмендейді. Сондықтан жасыл желекті биологиялық өңдеу жұмыстары уақытша тоқтатылды.
Өңдеуге ҚР аумағында қолдануға рұқсат етілген қауіптіліктің төменгі санатындағы биологиялық препарат қолданылады. Өзіндік иісі бар, алайда қоршаған ортаға, адамдарға, үй жануарлары мен өзге де тірі ағзаларға еш зияны жоқ.
Еске сала кетсек, қалада ағаштарды зиянкестерден сақтау үшін биологиялық өңдеу жұмыстарының бірінші кезеңі басталды. Тиімділікті арттыру үшін жұмыстар түнгі уақытта сағ. 23:00 мен 06:00 аралығында жүргізіледі. Аталған уақыт мұндай жұмыстар үшін қолайлы болып саналады, себебі күн сәулесі дәрілік заттың зиянкестерге әсерін төмендетеді.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі