07.09.2022

Алматыда 2 қыркүйек күні ата-аналар, ArtSportEdu жеткізушілер қауымдастығының мүшелері және қалалық әкімдік қызметкерлері кездесулерінің қорытындысы бойынша құрылған жұмыс тобының отырысы өтті.

Кездесуге Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин және жұмыс тобының мүшелерінің қатысты.

Талқылау барысында бағдарламаны қаржыландырудың проблемалық мәселелері және қолданыстағы artsport.edu.kz платформасының әкімдік анықтаған олқылықтары қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша келесі шешімдер қабылданды:

1) Алматы қаласының мәслихатына мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыс берушілер алдында пайда болған несиелік қарызды  өтеу үшін қаржы  бөлу мәселесін қарауды нақты ұсыну;

2) Қала әкімдігі анықтаған artsport.edu.kz.платформасының олқылықтарын жою үшін жүйені әзірлеген SoftDeCo ЖШС директоры С. Алабугинді және/немесе оның Алматыдағы уәкілетті тұлғасын талқылауға шақыру.

Хаттамаға жұмыс тобының мына мүшелері қол қойды: О.Ю. Аринбасарова (РҚБ Artsprot.kz (жеткізушілер қауымдастығы), Г.Н.Тусибиянова (жеткізушілер қауымдастығы) және И.Ю. Никонова (Alemmedia ЖК жеткізушісі).

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі