Жоспарда 200 троллейбус сатып алу бар.
Алматыда 2025 жылға қарай 2 жаңа автопарк пен 5 жаңа жанармай құю станциясы пайдалануға беріліп, троллейбус паркі жаңартылады.
Жоспарда 200 троллейбус сатып алу бар. Бұл туралы »Алматыны 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі негізгі басымдықтарында» айтылған.
2025 жылға дейін 1200 дизельді автобус газ бен электр тартымына ауысады. Қоғамдық электр көлігі үшін зарядтау инфрақұрылымының желісін құру жоспарлануда (2030 ж.). 2030 жылға қарай электр автобустарына арналған 3 жаңа заманауи депо пайдалануға беріледі.
Жеке автокөлікті аз пайдалану үшін 2030 жылға дейін қоғамдық көлікпен тасымалдау сапасы жақсарады. Ол үшін БРТ жүрдек бағыттарының санын арттыру жоспарлануда. Қазір 3097 шақырым жолдың 150 шақырымы немесе 4,8 пайызы бөлінген жолақтар. «Алматы аренадан» Төле би көшесі бойымен жеңіл рельсті трамвайдың (LRT) бірінші желісін іске қосу жоспарланған. Сондай-ақ, шағын мобильділік және басқа инфрақұрылым үшін 60 км жаңа веложол салынады. Бұл қала тұрғындарының қауіпсіз жүріп-тұруына көмектеседі және мультимодальды қозғалыстың санын арттырады.
Алматыда »маятниктік көлік» (келетін және кететін жеке көлік) деңгейін төмендету үшін жұмыс істеп тұрған өндірістерді қаладан ауыстыру және жаңа өндірістер ашу жоспарлануда. Сондай-ақ, қоғамдық көлікпен тасымалдау көлемі ұлғайтылатын болады. 2030 жылға дейін кезең-кезеңмен қалада шығарындылар деңгейі төмен аймақтарда көліктің жүріп өтуін шектейді, автомобиль тұрақтары үшін төлемді арттырады.
Дереккөз: Almaty.tv.