Зертхана Алматы қаласын цифрландыру және процестерді автоматтандыру саласын жетілдіруге арналған.
Қазақстан-Британ техникалық университетінде Алматының цифрландыру басқармасымен және IGLUS халықаралық швейцариялық ұйымымен бірлесіп SMART CITY Lab зертханасының ашылу рәсімі өтті.
Зертхана Алматы қаласын цифрландыру және процестерді автоматтандыру саласын жетілдіруге арналған.
«Қазіргі уақытта қалалардың дамуы қолданбалы тәжірибеге және жекелеген бағыттардың білім базасына байланысты. Ақылды қалаларды басқару әдіснамасына негізделген бұл жоба ақпарат пен құзыреттілікті бір жерде жинау мен талдауды орталықтандыруға мүмкіндік береді. Алматы әлемдік озық тәжірибеге тұрақты қолжеткізе алады және инфрақұрылымы дамыған заманауи қала ретінде дамитын болады», – деп мәлімдеді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров.
Мамандардың пікірінше, «ақылды» қалалық зертхана практикалық шешімдердің көзі болып табылады.
«Біз адамдарға жүйелі түсінік алуға көмектесеміз, өйткені қалалар күрделі жүйелер. Біз, сайып келгенде, қала тұрғындарының осы тәсілді нақты сезінуін қалаймыз. Көпшілік қолдана алатын ғаламдық желінің аспектілеріне тоқталамыз», – деді Лозанна федералды политехникалық мектебінің профессоры Маттиас Фингер.
Жоба қалалық жүйелердің тиімділігін бағалауға және талдауға, инфрақұрылымды дамытуға және Smart City и Smart Systems магистратурасы мен зияткерлік жүйелердің білім беру бағдарламалары бойынша кадрлардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.
«Бұл Қазақстан мен Орталық Азия аумағындағы осындай алғашқы зертхана және біз оны Алматыдағы ҚБТУ-да ашуды мақтан тұтамыз. Біз серіктестерімізбен бірге осы зертхананың міндеттері мен мақсаттарын іске асырып, жаңа мамандарды, магистранттар мен докторанттарды оқытып, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етіп, сүйікті қаламыздың инфрақұрылымын жаңғырту үшін жаңа шешімдер енгізетін боламыз», – деп атап өтті ҚБТУ ректоры Маратбек Ғабдуллин.
Болашақта ҚБТУ базасында цифрландыру басқармасының бөлімшесін ашу жоспарлануда, бұл қызметкерлерге IT саласында магистранттар мен докторанттармен бірлесіп жобаларды әзірлеуге мүмкіндік береді.
Анықтама: IGLUS – бұл Лозаннадағы Швейцария Федералды технологиялық институт құрған ғылыми-зерттеу бағдарламасы: Лозанна Федералды политехникалық мектебі (EPFL) 2011 жылы ірі, күрделі және динамикалық қалалық жүйелерді басқаруды жақсартуға бағытталған.
Дереккөз: Almaty.tv.