26 тамызда Алматының Қала құрылыс кеңесінің мүшелері ұйымдық мәселелерді талқылау бойынша алдын ала отырыс өткізді.
Ашық дауыс беру арқылы Кеңес төрайымы болып белгілі сәулетші-қала салушы Любовь Нысанбаева, оның орынбасарлығына урбанистші Асхат Садуов, хатшылығына «Алматыбасжоспар» ҒЗИ» ЖШС директорының орынбасары Айнұр Сарбаева сайланды. Кандидаттар бір жыл мерзімге сайланды.
Жобаларды қарау жөніндегі Қала құрылысы кеңесінің алғашқы отырысы ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде сағат 9.00-де өтеді. Кеңес отырысы айына кемінде 2 рет «Алматыбасжоспар» ғимаратында кеңесуші орган белгілеген жұмыс кестесі бойынша (әр айдың 2 және 4-ші сәрсенбісінде) өткізіледі.
Сәулеттік – кеңістік және сәулеттік- жоспарлау туралы кеңес мүшелерінің толық мағлұмат алуы үшін материалдар мынадай кезеңде ұсынылуы мүмкін: алдын ала жоба зерттеулері, тұжырымдама, бас жоспар, эскиз, жоба және жұмыс жобасы.
Кеңес жобаларды бағалаудың келесі критерийлерін анықтады:
бас жоспарға және түбегейлі жоспарлаудың бекітілген жобаларына сәйкестігі;
функционалдық аймақтарға бөлу, қызыл сызықтар мен жер бетінің тік белгілерін сақтау сәйкестігі;
жоба учаскенің орналасқан ауданындағы тұрғын үй қорының тығыздығы қаланың бас жоспарына және егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкестігі;
жобаланған жобада әлеуметтік нысандардың болуы;
сәулеттік-кеңістіктік стилі жағынан қаланың түбегейлі жоспарлау жобалары мен бас жоспарына сәйкестігі;
инженерлік желілердің параметрлері қаланың бас жоспарындағы және түбегейлі жоспарлау жобалары бойынша жобалық шешімдердің сәйкестігі.
Қаралған жобаның нәтижелері бойынша кеңес дауыс беру арқылы ескертулермен мақұлдайды, пысықтауға қайтарады немесе бас тартады.
Бастысы, отырысқа кеңес мүшелерінің кемінде 2/3 бөлігі қатысса , қабылданған шешімдер заңды деп есептеледі. Дауыс беруден қалыс қалған кеңес мүшесі хаттамаға өзінің ерекше пікірінің мәтінін қоса беруге міндетті.
Еске салсақ, Қала құрылысы кеңесінің құрамына сәулет, қала құрылысы, урбанистика, көлік, инклюзия, экология, креативті экономика, әлеуметтану, экономика салаларындағы сарапшылар енді.
Кеңес мүшелерінің әрқайсысының өз салалары бойынша тәжірибелері мол екенін атап өткен жөн. Ең маңыздысы, Кеңес отырыстарында қаралатын мәселелердің ерекшеліктеріне қарай өзге де сарапшылар шақырылады әрі қатыса алады. Осылайша, қала құрылысы мен сәулет жобаларының барлық аспектілері қатар зерттелетін болады.
Қала құрылысы кеңесі іске асыруға ұсынылатын қала құрылысы және сәулет жобалары бойынша шешімдерді ашық талқылау және қабылдау үшін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша Қала құрылысы кеңесі құрылған болатын.
Дереккөз: inform.kz