07.09.2020

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі өткен жылы «тұрақты» болжамымен «ВВВ» деңгейінде берілген ұзақ мерзімді кредиттік рейтингті растады.

Бұл Алматы қаласының жақсы кредиттік сапасын білдіреді және мәжбүрлі карантин шараларына қарамастан, қаланың тұрақты кредиттік қабілеттігін көрсетеді.

Бұл бағалау ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін қала экономикасына ірі ұзақ мерзімді инвестицияларды тарту үшін қолайлы көрсеткіш болып табылады.

Алматының кредиттік рейтингі халықаралық инвестициялық қауымдастықтың назарын аудару мақсатында, Fitch Ratings бағалайтын  жетекші әлемдік астаналар рейтингтерінің тізіміне енгізілген.

Дүниежүзілік банк құрамындағы Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) келешекте ұзақ мерзімді капиталға және Алматы инфрақұрылымына инвестицияны көбейтуге қол жеткізу үшін, кредиттік рейтингті тағайындауға және растауға тікелей қатысады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі