27.07.2022

Бүгінгі таңда 17 көшеге 3 шақырым жол салынды.

Алматыда 84 көшеде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте Алматы қаласы әкімдігінің қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Абжахан айтты.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Алғабас, Әлмерек, Қайрат шағынаудандарында жұмыстар жалғасып жатыр және Ақжар шағынауданында жол құрылысы басталды, онда 48 шақырымға жуық жаңа жол салу жоспарланып отыр.

Ол Қайрат және Әлмерек шағынаудандарындағы жұмыстардың Энергетика және сумен жабдықтау басқармасымен келісе отырып, инженерлік желілердің құрылысының аяқталуына қарай жүргізіліп жатқанын айтты.

«Алғабас шағынауданында 2021 жылы 11 шақырым жол салынса, биылғы жылдың соңына дейін тағы 9 шақырым жол салу жоспарлануда«, - деді спикер.

Ақжар шағынауданында жұмыстар биылғы жылдың сәуір айында басталған. 10 шақырымға жуық жаңа жол салу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 17 көшеге 3 шақырым жол салынды. Толық аяқтау 2023 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

Бұдан бөлек, Шұғыла шағынауданында 6,9 шақырым жаңа жолдың құрылысын басталмақ.

Сөзін қорытындылаған Ернұр Абжахан 2022 жылы жол жабынын орташа жөндеу аясында ұзындығы 219 шақырымды құрайтын 225 көшенің жол жабынын жөндеу жоспарланғанын айтты. Оның ішінде 21-і магистральді көше, ұзындығы 66,3 км. Бүгінгі таңда ұзындығы 50 шақырым болатын 84 көшеде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Ұзындығы 85 шақырым болатын 59 көшеде жұмыс кестеге сай жүргізіліп жатыр.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.