17.02.2022

Мемлекеттен көмек алуға 2 мыңнан аса кәсіпкер өтініш берген.

Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге жалпы сомасы 1 млрд 188 млн теңге көлемінде өтемақы төленген. Бұл көмекті қаладағы 601 бизнес нысаны алып отыр.

Ал мемлекеттен көмек алуға 2 мыңнан аса кәсіпкер өтініш берсе, оның 200-ге жуығы құжаттың толық болмауына байланысты қабылданбаған. Қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының өкілі тек бүгіннің өзінде 56 нысан бойынша шешім бекітілді дейді.  

«Бүгінгі комиссия бойынша 198 нысанның өтініші қанағаттандырылған жоқ. Өйткені олар өтінім берген кезде құжаттарын толық тіркемеген. Соған байланысты біз қабылдамай отырмыз. Бірақ олардың құжаттарын толтырып, қайта өтінім беруге мүмкіндігі бар», - деді Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Қанат Сағындықов.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.