06.04.2021

Алматы полициясы қала әкімдігінің қолдауымен учаскелік полиция инспекторларының жұмысын жақсартудың үш жылдық кешенді жоспарын жасады, соның ішінде 36 полиция пунктіне ғимарат бөлінді.

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында реформалар мен «полиция жақын маңда» қағидаты бойынша жұмысты ұйымдастыру қажеттігін атап өтті, мұнда басты рөл учаскелік полиция қызметкеріне жүктеледі, ол тұрғындарына жақындай түсуі керек, танымал, қолжетімді, азаматтар үшін беделді және олардың құқықтарын қорғайтын болуы тиіс. Осы қағиданы жүзеге асыру үшін біз учаскелік полиция пунктеріне қажетті ғимарат жоқ жерлерде 36 орынды анықтадық. Қарқынды дамуды және Алматы облысының бірқатар елдімекендерінің қалаға қосылуын ескерсек, бүгінгі таңда бұл кезек күттірмейтін қажеттілік. Полицияның жаңа пунктерінің ашылуы полицияның тұрғындармен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріндегі өзара іс-қимылына оң әсер етеді», - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.

Сонымен қатар шаһардың полиция басшысы кешенді жоспар үш кезеңде жүзеге асырылатынын және 2021, 2022 және 2023 жылдарға арналғандығын атап өтті. Барлығы 36 жылжымайтын мүлік нысанын сатып алу жоспарланған, оның 19-ы салынып жатқан тұрғын үй кешендерінен учаскелік полиция пунктеріне және тағы 17-сі жеке секторда.

Ақпарат көзі: Алматы қаласының Полиция департаменті