2022 жылдың қорытындысы бойынша түрлі жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың арқасында Алматыда көпбалалы және аз қамтылған отбасылар мен жұмысшы жастарды қосқанда 3167 адам қоныс тойын атап өтті.
«Шаңырақ» (5-10-20) және «Бақытты отбасы» (2-10-20) несиелік бағдарламалар бойынша тұрғын үйді тиісінше 1988 және 162 адам сатып алды. «Алматы жастары» жастар бағдарламасына 971 адам қатысты. Жалдамалы баспана алу құқығын 46 алматылық пайдаланды.
«Шаңырақ» (5-10-20) және »Бақытты отбасы» (2-10-20) кезекте тұрғандар үшін жеңілдікті бағдарламалардың әкімшісі »Отбасы Банк»АҚ болып табылады. Әкімдікте есепте тұрған, тұрғын үйге мұқтаж азаматтар »Шаңырақ» пилоттық жобасының қатысушылары бола алады. Соңғы алты айдағы әрбір отбасы мүшесінің табысы айына 3,7 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы керек. Тұрғын үйді кез - келген жаңа тұрғын үй нысандарынан сатып алуға болады. Оларды әкімдіктер, »Шаңырақ» бағдарламасы аясында да, жеке құрылыс жүргізушілер де сала алады. Тұрғын үйді үлестік қатысу шарты бойынша да сатып алуға болады (пайдалануға берілмеген), бірақ құрылыс салушыда тұрғын үй құрылысының Бірыңғай операторы – »Қазақстандық тұрғын үй компаниясы»АҚ кепілдігі болған жағдайда ғана.
«Бақытты отбасы» (2-10-20) бағдарламасы бойынша тұрғын үйге көп балалы отбасылар, І және ІІ топтағы мүгедек адамдар, жетім балалар және мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар үміткер бола алады. Тұрғын үйді өтініш беруші әкімдікте кезекте тұрған аймақта ғана сатып алуға болады. Кезек тізімін «Shanyraq» бөліміндегі kezekte.kz веб-сайтынан тексеруге болады Негізгі табыс болған жағдайда несие беріледі. Негізгі табыс еңбек және/немесе кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс болып табылады. Осы бағдарламаларға қатысу шарттары туралы толығырақ ақпарат банктің сайтында жарияланған.
Сонымен қатар, Алматы қаласында жастарды қолдау үшін екі тұрғын үй бағдарламасы іске асырылуда, олар: »Алматы Жастары» жеңілдікпен кредиттеу және 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй.
Алматы қаласының әкімдігі тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға көрсетілетін көмек көлемін дәйекті түрде арттырып келеді. 2023 жылы мемлекеттік бағдарламалар бойынша 5266 адамды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда:
- »Шаңырақ» (5-10-20) және »Бақытты отбасы» бағдарламалары бойынша несиелік тұрғын үйді 2715 отбасы алатын болады;
- 401 отбасыға (көпбалалы отбасыларға отбасыларға - 185 пәтер, халықтың әлеуметтік осал топтарына - 216 пәтер) жалға берілетін пәтер беру жоспарлануда;
- »Алматы жастары» бағдарламасын кемінде 1100 адам пайдаланады (әкімнің шешімімен 2023 жылдан бастап денсаулық сақтау және білім беру саласының қызметкерлері үшін 100 пәтерге көбейтілді);
- 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар үшін 1050 пәтерді жалға беру беру жоспарлануда.
Бүгінде Алматыда тұрғын үйге кезекте 38 139 азамат тұр.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі