Ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 162 жұмыс орны құрылды – 16 бригада мен 45 арнайы техника тартылған.
Ағымдағы (шұңқырларды) жөндеу бойынша 250 мың шаршы метр асфальтбетон жабынын төсеу, 40 аялдама қалтасы мен алаңын ретке келтіру жоспарланған.
Қазіргі кезде ағымдағы (шұңқырларды) жөндеу жұмыстары бірінші кезекте магистральді көшелерде жүргізіліп, кейін біртіндеп аудандық маңызы бар көшелерде жалғасады.
Ағымдағы жөндеу жұмыстары аудан әкімдіктерінің өтінімі, ПД ӘПБ-ның ұйғарымы, Open Almaty-ға түскен өтініштер және т.б. бойынша ақаулардың анықталуына қарай тұрақты түрде жүргізіледі.
Ағымдағы (шұңқырларды) жөндеу жұмыстары көктем-жаз-күз кезінде, орташа тәуліктік ауа температурасы +10°С және одан жоғары болып, жер құрғағанда жүргізіледі.
Қыс маусымында көше-жол жабынындағы ақауларды суық/жылы асфальтбетон қоспасын немесе брусчатканы төсеп, инертті материалдармен толтыру (апаттық-қалпына келтіру) арқылы уақытша жөнделеді, кейін көктем-жаз кезінде орташа тәуліктік ауа температурасы +10°С болып, жер құрғағанда ыстық асфальтбетон төселеді.
Жалпы, Алматы қаласында көше-жол желісінің ұзындығы 3096,8 км, көше саны – 2746. Оның ішінде магистральды көше – 385, олардың ұзындығы 1150 км. Жергілікті маңызы бар көше саны - 2361, олардың ұзындығы 1946,8 км.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі