Алматыда Қалалық даму орталығының бастамасымен урбанистика саласының сарапшылары, академиялық қауымдастық және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында 2026 жылға арналған қалалық даму бағытындағы негізгі бастамалар мен бірлескен жұмыс форматтары талқыланды.
Кездесуге Urban Forum Kazakhstan, AlmaU Урбанистика институты, ҚазБСҚА (КазГАСА), Vision Zero бастамасының өкілдері, сондай-ақ қалалық деректер мен GIS жүйелерімен жұмыс істейтін мамандар қатысты.
Қатысушылар Алматы қаласының қалалық ортасын дамытуға бағытталған зерттеу жобалары, білім беру бағдарламалары және қоғамдық бастамаларымен таныстырды.
Атап айтқанда, AlmaU Урбанистика институты мемлекеттік қызметкерлерге арналған урбанистика, көлік жоспарлау, инклюзивті қалалық дизайн және city management бағыттарында білім беру бағдарламаларын іске қосуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Urban Forum Kazakhstan ұйымы Алматының шеткі аудандарындағы жасыл инфрақұрылымды зерттеуге бағытталған «Жаңа cool Алматы» жобасын таныстырды.
Сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға арналған Vision Zero жобасы ұсынылды. Жоба аясында қалалық кеңістікті талдау, тұрғындармен және бизнес өкілдерімен жұмыс жүргізу, сондай-ақ жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған шешімдерді сынақтан өткізу жоспарланып отыр.
Кездесу барысында қаланың дизайн-кодын енгізу, қалалық деректерді жүйелеу және цифрлық мониторинг құралдарын тиімді пайдалану мәселелері де көтерілді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар білім беру бағдарламаларын дамыту, бірлескен зерттеу жобаларын іске асыру, жасыл инфрақұрылымды дамыту және ЦРА алаңында кәсіби іс-шараларды өткізу бағытында ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.
Алматы қаласының даму орталығында мұндай кездесулер тұрақты түрде өткізіліп тұратыны және олардың мақсаты – қала құрылымдары, сарапшылар қауымдастығы мен қоғамдық бастамалар арасындағы ашық диалогты дамыту екені атап өтілді.
