09.06.2023

Қаланың сыртқы келбетіне  және абаттандыруға нұқсан келтіретін, тротуарлар мен жол учаскелерін қоқыс тастайтын заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда объектілерімен (ССО) күресу мақсатында қала әкімінің тапсырмасымен кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қажетті шаралар қабылдауда.

Ерікті сүруді  жүзеге асыру үшін заңсыз салынған стационарлық емес сауда объектілері иелерімен түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде. Нысан сүрілген соң аудан әкімдіктерімен бірлесіп, заңсыз объект орнатылған аумақ ретке  келтіреді, қоқыстан тазарады.

Мониторинг қорытындысына орай 2022 жылы Алматы қаласы бойынша жер заңнамасын, санитарлық, қала құрылысы және өрт нормаларын бұзған 500-ден астам заңсыз салынған стационарлық емес сауда объектілері анықталды. Бүгінде 101 нысан сүрілді, қалғандары ағымдағы жылдың соңына дейін алынып тасталады.

Еске салсақ, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша биыл алғаш рет »Алматы қаласының аумағында және қала маңындағы аймақта стационарлық емес сауда объектілерін орнату ережелері« қабылданды, онда мұндай объектілерді орнату тәртібі нақты айқындалған. Ережелермен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V23R0001707  сілтеме арқылы толық танысуға болады

Нысандардың стихиялы орналасуларын болдырмау үшін қазіргі уақытта »Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру сызбасын« әзірлеу аяқталуда, ол бекітілгеннен кейін оларды орнатуға болатын нақты мекенжайлар анықталады.

 

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласының әкімдігінің баспа-сөзі