Биыл жалпы ұзындығы 196,5 шақырым 200 көшенің жол жабынын орташа жөндеу жоспарланған. Бұл ретте қалаға қосылған аудандарға ерекше назар аударылады. Қолайлы ауа райы қалыптасқанда басталған жол жөндеу жұмыстары биыл қарашаның соңына дейін аяқталуы тиіс.
Қазіргі кезде 23 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, сондай-ақ бордюр, арық пен тротуарлар ішінара ауыстырылуда:
1) Рысқұлов даңғылы (Жангелдин көшесінен Рысқұлов-Құлжа жолы жол айрығына дейін)
2) Кудерин көшесі (Рысқұлов даңғылынан Кудерин, 1А көшесіне дейін)
3) Галилей көшесі (Райымбек даңғылынан Рысқұлов даңғылына дейін, тұйық көшелермен қоса)
4) Первомай мұнай базасы көшесі (Солтүстік айналым тас жолынан қала шекарасына дейін, тұйық көшелермен қоса)
5) Райымбек даңғылы (Өтеген батыр көшесінен Тілендиев көшесіне дейін)
6) Шаляпин, Щепетков көшелері (Саин көшесінен Сәтпаев көшесіне дейін)
7) Момышұлы көшесі (Райымбек даңғылынан Шаляпин көшесіне дейін)
8) Жандосов көшесі (Саин көшесінен Алтынсарин даңғылына дейін)
9) Таугүл-1 ықшамауданындағы 2-ші Вишневская көшесі (Тоқтабаев көшесінен №45 үйге дейін)
10) Мамыр ықшамауданындағы кесіп өтпе жол
11) Таугүл-2 ықшамауданындағы Черепанов көшесі (Науаи көшесінен Сүлейменов көшесіне дейін)
12) Қарасай батыр көшесі (Розыбакиев көшесінен Варламов көшесіне дейін)
13) Варламов көшесі (Төле би көшесінен тұйыққа дейін)
14) Құлымбетов көшесі (Варламов көшесінен Верещагин көшесіне дейін)
15) Есенберлин көшесі (Орманов көшесінен Тәтібеков көшесіне дейін)
16) Бөрібаев көшесі (Мақатаев көшесінен №56 үйге дейін)
17) Ескендіров көшесі Қажымұқан көшесінен Әзербаев көшесіне дейін (Таулы қырат ықшамауданы)
18) Жібек жолы даңғылы (тұйықтан Қалдаяқова көшесіне дейін)
19) Боралдай көшесі (Шоссейная көшесінен Боралдай көшесіне дейін)
20) Жаңаарқа, Аршалы көшелері (Рысқұлов даңғылынан Ұлжан ықшамауданына дейін)
21) Серіков көшесі (Ахметов көшесінен Центральная көшесіне дейін)
22) Карпатская көшесі (Рысқұлов даңғылынан Войков көшесіне дейін)
23) Экспериментальды база көшесі (Қожанов көшесінен тұйыққа дейін)
Айта кетерлігі, қалада көше-жол желісін ағымдағы жөндеу жұмыстары ауқымды түрде жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 250 мың шаршы метрден астам асфальтбетон жабынын, 40 аялдама қалтасы мен алаңдарын ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі