Алматыда 2 желтоқсан күні жоспарлы жалпықалалық сейсможаттығу өтеді 

29.11.2022

Алматыда осы жұма күні сағат 11:00-де жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтеді. Ол жылына бір рет өткізіледі. Тоқсан сайын қала мекемелерінде сейсмикалық жаттығулар ұйымдастырылса, биылдың өзінде 3,5 мыңнан астам сейсмикалық оқу-жаттығулар өткізілді.

Сейсмикалық оқу-жаттығу күні теле және радиоарналар сиреналық қондырғыларды пайдалану арқылы қалалық ескерту жүйесі іске қосылады, «ДАРМЕН» мобильді қосымшасы арқылы push-хабарламалар жіберіледі.

Барлық білім беру, денсаулық сақтау нысаны және кісі аяғы үзілмейтін (СОО, СО, СҮ) жерлерде эвакуациялау үшін оқу элементтері әзірленеді, онда ТЖД қызметкерлері әдістемелік көмек көрсетеді және «Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам» атты жадынама таратылады. 

Сейсмикалық оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – қала тұрғындарының төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру, тұрғындар эвакуациялау жолдарын, қауіпсіз жерлерді алдын ала анықтап, апаттық чемодандарын дайындау.

Алматы қ. Төтенше жағдайлар департаменті