Алматыда білім беру саласында жаңа әлеуметтік жоба – екінші оқу корпусы және Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының студенттеріне арналған жатақхана пайдалануға берілді.
Жобаның құны 2 млрд. теңгені құрады. Ғимараттың жалпы алаңы – 12 мың шаршы метр. Инвестициялық жоба Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының көмегімен үш жылдың ішінде іске асырылды.
«Студенттер үшін жатақхана құрылысын салу, жастарға жағдай жасау керек деген Елбасының тапсырмасы бар. Біз бұл үндеуге қосылдық. Екінші ғимарат құрылысын салу керек болды және біз ол жерден студенттерге арналған жатақхана құрылысына 100 орын бөлдік. Ас үймен, жуынатын бөлмемен, тұрмыстық үй-жайлармен жарақтандырылған 2, 3, 4 орындық бөлмелер бар. Жатақханада тұру ақысы айына 40 мың теңгені құрайды. Қазір студенттер, әсіресе батыс өңірлерінен келген студенттер тарапынан, жатақханаға деген сұраныс пен қажеттілік өте көп. Бір сөзбен айтқанда, бізде 140 орынға арналған тағы бір жатақхана бар. Және қала маңында жер бар, онда үшінші жатақхана құрылысын салуды жоспарлап отырмыз», – деп хабарлады профессор, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңесінің мүшесі, Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры Өмірәлі Жалайыр.
Оқу мекемесінде барлығы 2,5 мыңнан астам студент оқиды. Академия жаңа ұрпақ заңгерлерін дайындайды. Бұл үшін заң полигондары, зертханалар құрылған, құқық қорғау органдарымен, Ішкі істер департаментімен, прокуратурамен, сот органдарымен, Нотариалдық палатамен, Қорғаушылар одағымен ынтымақтастық туралы шарттар жасалған. Академия жанында Сот сараптамасы орталығы жұмыс істейді, оған психология, дінтану, құрылыс, жол сараптамалары және т.б. бойынша 10-нан астам лицензияланған сарапшылар тартылған. Қос білім беру жүйесін енгізу арқасында Академияда жұмысқа орналасқан түлектердің пайызы жоғары, ол 80%-дан астам көрсеткішті құрайды.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы