Қала әкімі Е. Досаевтың тапсырмасы бойынша 2022-2023 жылдардағы жаңа жылыту маусымы Алматыда 2022 жылғы 17 қазанда басталды. Жаңа жылыту маусымының ашылған күні метеорологиялық болжамдар мен Алматыдағы ауа райының күнделікті мониторингі негізінде анықталды.
Бұл ретте тұтынушыларды жылумен жабдықтауға қосу мынадай кезек бойынша кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады:
- балабақшалар, емдеу орындары, мектептер, кәсіптік мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер;
- тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақ үйлер;
- әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;
- басқа ғимараттар.
Жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылыту маусымына дайындау бойынша барлық жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілді. «Алматы жылу желілері» ЖШС тұтынушыға жылу беруді қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, көппәтерлі тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету процесі басталды. Жылу желілері жылу энергиясын баланстық шектеу шекарасына дейін (үйге кірер алдында) жеткізуді қамтамасыз етеді. Басқарушы компания, ПИК, ОСИ үйге кіре берістегі параметрлерді тексеріп, үй ішіндегі жылумен жабдықтау жүйесін барлық қажетті шаралармен қосуды жүзеге асыруы керек.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі