14.10.2024

Алматыда 17 қазанда сағат 10.00-де жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығулар өткізіледі, оның аясында Mass Alert халықты жедел құлақтандыру жүйесі сынақтан өтеді.

Сейсмикалық жаттығулар теле- және радиохабар тарату арналары автоматты түрде үзіп, «Баршаның назарына!» деген сигналдан соң сирена-қондырғыларды қосу, сондай-ақ телефондарға хабарлама жіберу арқылы басталады. Сигналды алғаннан кейін ғимараттан ашық алаңға шығу керек.

Сейсможаттығудың негізгі мақсаты – қала тұрғындарының төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерге дайындығын арттыру және қауіпсіз орындарға бару бағыттарын пысықтау.

Алматы қаласы Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы тұрғындарды үрейленбеуге және сейсмикалық жаттығуларға белсенді қатысуға шақырады.