Клубта күніне 600-ден астам тәрбиеленуші қосымша тегін білім алады.
Алматы қаласының барлық аудандарында құрылғанына 4 жыл болған «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының 10 бөлімшесі сәтті жұмыс істейді.
Клубта күніне 600-ден астам тәрбиеленуші қосымша тегін білім алады. Жобаны жүзеге асыру үшін 150-ден астам аға буын өкілдері – зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, көп балалы аналар, бала кезінен мүгедектердің қамқоршылары тұрақты жұмысқа орналастырылған. 2022 жылдың 1 қараша күні клубтың құрылғанына орай тәрбиеленушілер мен ұстаз-тәлімгерлер дайындаған мерекелік іс-шара өтеді.
Іс-шара сағат 10.00-де І.Жансүгіров атындағы № 130 мектеп гимназиясы өтеді.
2019 жылдың 1 қараша күні Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында өткен «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» (елдің 224 әлеуметтік жобасының арасында) VII республикалық көрмесінде «Шыңға Өрлеу» әлеуметтік жобасы II орынға ие болды. Қазіргі уақытта біздің әлеуметтік жобамыз қосымша білім беру қызметтері нарығында лайықты орын алады. Жоба қызметі 1-4 сынып оқушыларына өмірлік тәжіриебесін, білімі мен дағдыларын берудің үйлесімді процесін қалыптастыру арқылы еліміздің жас және аға ұрпақтары арасындағы сабақтастық қағидаттарын қалыптастыра отырып, аз қамтылған отбасында тәрбиеленген бастауыш мектеп жасындағы балаларға тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасайды.
Дереккөз: Almaty.tv.