08.04.2021

2021 жылғы 10 және 31 наурыз аралығында «Алматы жастары» қалалық бағдарламасы аясында өтініштер мен құжаттар қабылданды.

Өтініштерді қабылдау www.almaty-zhastary.kz сайтында электрондық цифрлық қолтаңба арқылы электронды түрде жүзеге асырылды. Баллдарды  автоматты түүрде есептеу үшін электрондық калькулятор енгізілген. Сондай –ақ тапсырған өтініштің статусын сайттағы кабинеттен өз бетінше бақылау мүмкіндігі бар.

Бүгінде тапсырылған өтініштер жүктеліп, олардың бағдарлама талаптарына сәйкестігі тексеріліп жатыр. Кейін әр сала (санат) бойынша ең жоғары баллдар негізінде тізім жасалады.

Тұрғын үй қарызын беруде әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін  іріктелген, резервке енгізілген және қайтарылған қатысушылардың тізімі өтінім қабылдау сайтының сәйкес бөлімдерінде орналастырылады.

Бағдарлама аясында 9741 өтініш қабылданды, оның ішінде:

  • Денсаулық сақтау саласы бойынша: 2614;
  • Білім беру саласы бойынша: 3560;
  • Мәдениет саласы бойынша: 348;
  • Спорт саласы бойынша: 98;
  • ЖОО мен ҒЗИ-ның қызметкерлері бойынша: 1103;
  • Әлеуметтік сала бойынша: 715;
  • БАҚ саласы бойынша: 172;
  • Құқық қорғау органдары саласы бойынша: 1131.

Бағдарлама бойынша кемінде 1000 азаматты қамту жоспарланған.

Іріктелген үміткерлерге «Отбасы банк» АҚ арқылы төлем қабілеттілігін растау үшін өтінім қабылдау сайтындағы кабинетте жолдама беріледі. Тұрғын үй қарызы төлем қабілеттілігін растаған қатысушыларға жалпы қарыз сомасының 10% болған жағдайда, 5%-бен 18 млн теңгеге дейін бастапқы және қайталама нарықтан тұрғын үй алу үшін беріледі.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасы