«Алматы жастары 3.0» қалалық жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы шеңберінде өтініштер мен құжаттарды қайта қабылдау туралы хабарландыру

28.08.2020

Алматы қаласының әкімдігі тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген тұрғын үй заемын алуға Алматы қаласының 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жастарынан 2020 жылғы 1 қыркүйектен пен 15 қыркүйек аралығында «Алматы жастары 3.0» қалалық жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау басталатыны жөнінде хабарлайды.

Бағдарламаға қатысу үшін өтінішті www.almaty-zhastary.kz сайты арқылы тапсыра аласыздар. Авторлану электрондық цифрлік қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүргізіледі, оны ХҚКО-дан алуға болады.

Бұл ретте денсаулық сақтау және білім беру салалары (санаттары) бойынша резервке енгізілген тізімдердің болуын ескере отырып, өтініштер мен құжаттарды қабылдау келесі салалар (санаттар) бойынша жүргізіледі: мәдениет, спорт, ЖОО-дары мен ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала.

Бағдарлама шеңберінде несие берудің шарттары:

  • Қарыздың ең жоғары сомасы – 13 млн теңгеге дейін;
  • Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
  • Бастапқы жарна - 10%;
  • Жаңа және ескі тұрғын үй алу мүмкіндігі;

Қамту - 1000 адам (02.03.2020 ж. мен 16.05.2020 ж., 22.06.2020 ж. мен  06.07.2020 ж. аралығында өтініш тапсырған азаматтарды қоса алғанда).

Қатысу үшін негізгі талаптар:

  • Өтініш беру кезінде қатысушының жасы 35 жасқа дейін (қоса алғанда),  жұбайының (зайыбының) жасына қарамайды (бар болса). Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде тек ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.
  • Үміткерде және оның отбасы мүшелерінде меншік құқығында тұрғын үйдің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауы фактілерінің болмауы, Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік бағдарламалар желісі бойынша алынған отбасының басқа мүшелерінің ортақ бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлес немесе жалға берілетін тұрғын үй, бұған: жекешелендіру немесе мұрагерлік құқығы нәтижесінде бағдарламаға қатысушы немесе кәмелетке толғанға дейін отбасы мүшелері алған жылжымайтын мүліктегі үлесті және жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда.
  • Қатысушының ресми жұмыс өтілі Алматы қаласында келесі санаттар бойынша кем дегенде соңғы 6 ай және міндетті зейнетақы аударымдары болуы қажет: мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала (санаттардың толығырақ сипаттамасымен сайттағы «АЛМАТЫ ЖАСТАРЫ» ҚАЛАЛЫҚ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕЛЕУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ІРІКТЕУ ТӘРТІБІ ҚАНДАЙ» бөлімінен танысуыңызды сұраймыз).

Қосымша Алматы қаласында тіркелген, жарты жылдан кем емес уақыт жұмыс істейтін ЖК (бар болса) (аталған талап, мәдениет саласында өзін-өзі жұмыспен қамтыған қатысушыларға ғана қатысты).

Толығырақ ақпарат сайтта жарияланған.

Анықтама телефоны:

  • «ҚТҚЖБ» АҚ-ның тегін байланыс телефоны

300 (ұялы телефон үшін)

8-8000-801-880 (ұялы телефон үшін)

  • Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы

+7 (727) 225 14 57

+7 (727) 225 14 44

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі