Алматы тұрғындарын қажетті көлемде дизельдік отынмен қамтамасыз ету мәселесі пысықталып жатыр

16.08.2022

Алматыда 220 жанармай құю бекеті жұмыс істейді.

Алматы қаласының әкімдігі ҚР Энергетика министрлігімен бірлесіп ірі жанармай құю станцияларының желілеріне дизельдік отынның үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуде көмек көрсетуде.

Оларға дизельдік отын үш қазақстандық мұнай өңдеу зауытынан (Павлодар, Атырау, Шымкент) жеткізіледі.

Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы көтерме жеткізушілермен бірлесіп, тұрғындарды қажетті көлемде дизельдік отынмен қамтамасыз ету мәселесін пысықтап жатыр. Дүрбелеңді болдырмау мақсатында мұнай базалары мен жанармай құю бекеттеріндегі дизельдік отынның келісім-шарттық көлемінің қорына тұрақты мониторинг жүргізілізіп жатыр. Жол бойында дизельдік отынмен қамтамасыз етуде іркілістерді болдырмау үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен келісу орнатылған.

Мегаполисті дизельдік отынмен қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда.

Айта кетсек, қалада тұтыну көлемінің өсуі басқа аймақтардан келетін ауыр транзиттік көлік иелерінің дизельдік отынға сұранысының артуына байланысты.

Алматыда 220 жанармай құю бекеті жұмыс істейді, оның 80 пайызы алты ірі желіге (ҚазМұнайгаз, Гелиос, Royal Petrol, Sinooil, PetrolAsia, Газпромнефть) тиесілі.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.