Алматы қаласының туризм басқармасы қаладағы танымал таулы аймақтарда үш бұлақты абаттандыру жұмыстарын аяқтады:
- «Ақ-Бұлақ» бұлағы (Просвещенец) теңіз деңгейінен 1 610 метр биіктікте орналасқан;
- «Бутаковка-1» бұлағы теңіз деңгейінен 1 850 метр биіктікте орналасқан;
- «Бутаковка-2» бұлағы теңіз деңгейінен 2 150 метр биіктікте орналасқан.
Бұл Алматыдағы мұндай бағыттағы алғашқы жобалар және олар халықаралық тәжірибеге сүйене жүзеге асырылды. Бұлақтарды абаттандыру үшін заманауи материалдар - жоғары сапалы болат, ағаш және тас қолданылды, бұл нысандарды қоршаған табиғи ортаға барынша бейімдеуге және кейінгі күтім қажеттілігін азайтуға мүмкіндік берді.
Бұлақтағы алаңдар 5 мм қалыңдықтағы торлы металдан жасалған, бұл олардың беріктігі мен кез келген уақытта жыл бойы қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Бұлақтарға апаратын ыңғайлы жолдар, демалу үшін орындықтар орнатылған. Ақпараттық тақталар бұлақтардың мәні мен табиғи құндылығы туралы ақпарат береді.
Бұлақтар тек таулы маршруттарды әдемі етпейді, сонымен бірге экологиялық және белсенді туризмді дамытуға ықпал етеді. Алматы қаласының туризм басқармасы аймақтың бірегей табиғи ресурстарын сақтау үшін келушілерді бұлақтарды таза ұстауға және оларға мұқият қарауға шақырады.