08.06.2023
Алматыда қоғамдық көлікті дамыту басым міндет болып табылады. Сондықтан қаланың барлық аудандарында, соның ішінде Түрксіб ауданында көлік бағыттары қарқынды жаңаруда. Аудан тұрғындарының өтініштері бойынша 2023 жылы №50, 10, 227 45 автобус бағыттары жаңарды. Бұл туралы әкім Ерболат Досаев халықпен кездесуде айтты.
Оның айтуынша, автобустарды жаңарту жалғасады: 12 бағытта жылжымалы құрам жаңартылады, сондай-ақ сегіз автобус Қайрат ш/а-нан »Райымбек» метро станциясына дейін жүретін болады.
Дереккөз: Almaty.tv