«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мейірбек Ихсанов пен «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директоры Манас Тасыбаев Алматыда ЖЭО-2 және ЖЭО-3-те газ құбыры инфрақұрылымын салу барысын тексерді.
«QazaqGaz» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның Алматы ЖЭО-ны газға ауыстыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, екі автоматты газ тарату станциясының құрылысы бастады. АГТС өнімділігі 250 және тиісінше 150 мың текше м/сағ. құрайды. Бұдан басқа, қуаттылығы сағатына 1000 мың текше метр «Алматы-Байсерке-Талғар» және «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырлары арасында TIP-04 газ жалғастыру құбырын салу жүзеге асырылуда.
«Табиғи газды берудің қосымша көзі одан әрі энергетикалық қауіпсіздікті ұстап тұруға және Алматы облысы бойынша оның ішінде ЖЭО-2 және ЖЭО-3 газдандыруды ескере отырып, Алматы энергокешені үшін газды сенімді және үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Мейірбек Ихсанов.
Жобалық құжаттамаға сәйкес, мердігер ұйымдар қажетті жабдыққа толық тапсырыс беріп, оның мерзімінде жеткізілуі күтілуде. АГТС және TIP-04 газ жалғастыру құбырын салуды аяқтау 2023 жылғы желтоқсан айының соңына жоспарланған.
Жобаны іске асыру Алматы қаласы мен оның маңындағы ауаның ластануын азайту есебінен адамдардың өмір сүру сапасын жақсартады, сондай-ақ өсіп келе жатқан энергия тұтынуды өтейді деп күтілуде.
«Қоршаған ортаға әсерін барынша азайта отырып, Алматы ЖЭО-ын жаңғырту» жобасы «Самұрық-Энерго» АҚ басшылығымен іске асырылуда. Өз кезегінде QazaqGaz, газ инфрақұрылымының құрылысымен айналысып жатыр.
Дереккөз: Almaty.tv