Алматы полициясында өткен арнайы жиында мектеп оқушыларының қауіпсіздігі талқыланды

31.08.2022

Күн тәртібіндегі маңызды мәселе – қала мектептеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Алматы қаласы полициясының бастығы Арыстанғани Заппаровтың төрағалығымен өткен жиын жаңа оқу жылының басталуына орайластырылды.

«Білім беру мекемесінің қауіпсіздігі – бұл білім беру мекемесінің жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүзеге асыратын іс-шараларының жиынтығы. Мектеп оқушыларының қауіпсіздігі білім беру мекемелері әкімшілігінің басты міндеті екендігі сөзсіз, бірақ біз де шетте қалмауымыз керек. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды бағыттардың бірі екендігін және осы бағытта жұмыс істеуіміз қажеттігін атап өткім келеді. Қалада 207 жалпы білім беру мекемесі бар, олардың барлығы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған, 4 мың 960 бейнекамера орнатылған. Әрине, мектептерде бейнебақылау камераларының болуы құқық бұзушылықтың алдын алуға оң әсерін тигізеді, ал олардың ПД ЖБО-на қосылуы заңсыз сипаттағы түрлі көріністерге жедел ден қоюға мүмкіндік береді», - деді, Арыстанғани Заппаров.

Мектептерді террористік тұрғыдан осал ұйымдардың тізіміне енгізу, оларды қорғауды сапалы түрде жақсартуға тиіс. Мектептерді тәжірибесі де, материалдық ресурстары да бар, қызметкерлерді оқытуға қатаң талаптар қоятын күзет компаниялары қорғауы керек.

«Абырой болғанда, өткен оқу жылы мектептерде оқыс оқиғаларсыз өтті, онда ешқандай құқық бұзушылық орын алған жоқ. Мектеп оқушылары арасындағы қылмыс деңгейінің төмендеу тенденциясын жалғастыру үшін, есепте тұрған қиын жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен мақсатты жұмысты жалғастыру қажет. Құқық бұзушылық пен өз-өзіне қол жұмсауға бейім жасөспірімдерді анықтау, қажетті мамандарды тарта отырып, олармен жеке профилактикалық жұмыстарды жүргізу жұмыстарын жалғастыру. Тағы бір айта кетерлігі, оқу жылының басталу қарсаңында мектептер маңында көлік қозғалысы қиындайды. 31 мыңнан астам бүлдіршін бірінші сыныпқа барады. Біз олардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерімізді салуымыз керек», - деді, генерал-майор Заппаров.

Анықтама үшін: Алматы полициясы жазғы демалыс кезінде «Демалыс», «Жасөспірім» және «Түнгі қаладағы балалар» атты үш ауқымды іс-шара жүргізді, нәтижесінде кәмелетке толмағандардың үйлерінен тыс жерде болуының 2 мыңнан астам деректері анықталды.

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласының Полиция департаменті