27.04.2022

ЖАІШ өткізуге Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен бірге полицияның қызметтері мен бөлімшелерінің қызметкерлері тартылған.

 «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Алматы полициясы қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейтті.

25-29 сәуір аралығында Алматы полициясы қызметтің күшейтілген түріне көшті. ЖАІШ өткізуге Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен бірге полицияның қызметтері мен бөлімшелерінің қызметкерлері тартылған.

Қоғамдық тәртіпті тиісінше сақтау көшеде және басқа да қоғамдық орында құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында іс-шара аясында қаладағы полиция жасақтарының тығыздығы арттырылды.

Полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер көшелерді, аулаларды, алаңдарды, саяжайларды және басқа да қоғамдық орындарды аралайды. Көші-қон заңнамасын, оның ішінде құрылыс және сауда салаларындағы бұзушылықтарды анықтау мақсатында тексерулер жүргізеді. Сондай-ақ қару иелері мен полицияның профилактикалық есебінде тұрған адамдар тексеріліп жатыр.

Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды, қылмыскерлерді іздестіру, сондай-ақ бөтеннің мүлкін ұрлаумен, пәтер тонаумен, көлік айдап әкетумен айналысатын қылмыстық топтарды әшкерелеу бойынша ПД жедел бөлімшелерінің жұмысы күшейтілді.

«Құқықтық тәртіп» ЖАІШ – криминогендік жағдайды жақсартуға, сондай-ақ қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге бағытталған ауқымды іс-шара.     

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.