«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Алматы полициясы қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейтті.
9 қарашадан бастап Алматы полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына көшті.
ЖАІ өткізуге Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен бірге, полицияның қызметтері мен бөлімшелерінің қызметкерлері жұмылдырылды.
Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында, іс-шара аясында, қала аумағында полиция жасағының, оның ішінде жаяу патрульдердің тығыздығы арттырылды.
«Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік» аясында полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер көшелерді, аулаларды, алаңдарды, саяжайларды және басқа да қоғамдық орындарды аралауда. Сонымен қатар, полиция, көші-қон заңнамасын, соның ішінде құрылыс және сауда салаларындағы бұзушылықтарды анықтау мақсатында тексерулер жүргізуде.
Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды, қылмыскерлерді іздестіру, сондай-ақ бөтеннің мүлкін ұрлау, пәтер тонау, көлікті айдап әкету және т.б.айналысатын қылмыстық топтарды әшкерелеу бойынша ПД-нің жедел бөлімшелерінің жұмысы күшейтілді.
«Құқықтық тәртіп» ЖАІ – криминогендік жағдайды жақсартуға, сондай-ақ қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге және ескертуге бағытталған ауқымды шара.
Дереккөз: Алматы қаласының Полиция департаменті