Алматы мәслихатының депутаттары коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекітті

15.04.2024

Алматыда жаңа редакциядағы үй иелері үшін коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының есептік нормалары бір тұрғынға жылына 2,33 текше метрді құрайды (қолданыстағы нормалар - жылына 2,9 м3). Бұл нормаларды VIII шақырылған мәслихаттың кезектен тыс XVI сессиясында мәслихат депутаттары бекітті.

Сондай-ақ, әлеуметтік, мәдени, өнеркәсіптік, коммерциялық және басқа да объектілер үшін коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының есептік нормалары өзгертілді (салыстырмалы кесте www.almaty.kz сайтында орналастырылған).

Алматы қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының қолданыстағы нормалары Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы наурыздағы шешімімен бекітілген болатын. Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы хабарлағандай, ҚР «Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондар» құрылыс нормаларына сәйкес ҚТҚ жинақтау нормаларын нақтылауды әр 5 жыл сайын жүргізу ұсынылады.

2022-2023 жылдары өзектендіру мақсатында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жаңа нормаларын әзірлеу бойынша Басқарма жұмыстар жүргізді. Зерттеулер маусым сайын (көктем, жаз, күз, қыс) жүргізілді, 27,5 мың адамды қамтитын 16 учаске (әр ауданнан 2 учаскеден) таңдалды. Зерттеу нәтижелері бойынша үй иелері мен басқа объектілер үшін коммуналдық қалдықтардың жинақталу нормаларын қайта қарау ұсынылды.