11.05.2022

Жұмысшы мамандықтарын танымал ету және WorldSkills Kazakhstan ұлттық қозғалысын қолдау.

 «Білімді ұлт «Сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде, жұмысшы мамандықтарды танымал ету және «WorldSkills Kazakhstan» Ұлттық қозғалысын қолдау мақсатында, 2022 жылғы 11 мамырдан 20 мамырға дейін Алматы қаласы колледждерінің алаңдарында «WorldSkills Almaty – 2022» құзыреттіліктері бойынша аймақтық чемпионатты өткізу жоспарланып отыр.

Аталған шараны Алматы қаласының Білім басқармасы ұйымдастырып отыр.

Салтанатты ашылу рәсімі 11 мамырда сағат 15:00-де Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.

«Ашылу күні, Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайының фойесінде сағат 13:00-ден 14:50-ге дейін Алматы қаласының оқушылары үшін болашақ мамандықты таңдау мақсатында ТжКББ мамандықтарының көрмесі өтеді«, - деп атап өтті қалалық Білім басқармасының хабарламасында.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.