Алматы қаласының экономикасына салынған инвестиция карантинге қарамастан 10%-ке өсті

10.09.2020

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин айтты.

Е. Оразалиннің айтуынша, пандемия кезінде сауда-саттықтың төмендеуіне қарамастан, Алматы қаласының инвестициялық жағдайы тұрақты.

«Жалпы, өнеркәсіп көрсеткіші бойынша сауда мен қызметтердің төмендеуіне қарамастан, біз әлі де тұрақтылықты сақтап келеміз. 7 айда көрсеткіш 100,9%-ті құрады. Өндірілген өнімнің жалпы сомасы 420 млрд тг. Біз Алматы қаласының инвестициялық тартымдылығы қарқынының төмендемегенін атап өткіміз келеді. Өйткені 8 ай ішінде алдын ала 500 млрд тг жинадық», — деді Е. Оразалин.

Сондай-ақ басқарма басшысы көрсетілген кезеңде инвестициялар блогы бойынша нақты көлем индексі (НКИ) 110%-ті құрағанын айтты. Бұл қаланың инвесторлар үшін әлі де тартымды екенін көрсетеді.

«Инвесторлар осында келіп, ақша салуда. Бұл болашақта қосымша ақшалай қаражатпен қолдау көрсетілетін қала экономикасының пандемияның күрделі кезеңінен кейін қалпына келуі үшін өте маңызды», — деп түсіндірді Е. Оразалин.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі