Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша ашылған жаңа әлеуметтік мекеме «бір терезе» қағидаты бойынша 750-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетті.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде өткен қаланың Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы мен Алматы қаласы мекемесінің Әлеуметтік қызметтер бөлімінің басшысы Ынта Биарыстанова алматылықтардың қандай мәселелерге жүгінетіні туралы айтты.
Д. Әлкебайұлының айтуынша, Әлеуметтік қызметтер үйі — бұл қала тұрғындарына «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік және әлеуметтік сипаттағы қызметтерді алуға мүмкіндік беретін бірегей жоба. Күн сайын мұнда халыққа 400-ден 600-ге дейін түрлі қызметтер көрсетіледі. Сондай-ақ 750-ден астам мемлекеттік қызмет түрін алуға болады.
«7-15 маусым аралығында Әлеуметтік қызметтер үйіне түрлі мәселелер бойынша 2700-ден астам адам жүгінген. Мысалы, 1565 келушіге жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді, тағы 271 адам тұрғын үй кезегіне тұрды, 69-ы »бастау бизнес» бойынша оқуға жазылды, 32-і ОСИ-ге қатысты мәселелерін шешті. Барлығы 45 санат бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді», — деді Д. Әлкебайұлы.
Әлеуметтік қызметтер үйінде 11 мемлекеттік мекеме бар, бұл артық қағазбастылық пен бюрократияны қоспағанда, рәсімдерді жүргізу мен барлық қажетті құжаттарға қол қоюға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік қызмет көрсету үйінің басшысы Ынта Биарыстанова олардың жұмысы туралы айтты. Ол кең залдарда келушілерді Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының, Тұрғын үй саясаты басқармасының, Алматы халықты жұмыспен қамту орталығының, «ХҚКО» азаматтарға арналған үкімет КЕАҚ, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» АҚФ, Алматы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының, Еңбек, Әлеуметтік қорғау мен Алматы бойынша көші-қон комитетінің департаменттерінің консультанттары қабылдайтынын айтты.
«Әлеуметтік қызметтер үйіне тұрғын үй саясаты саласындағы қызметтерді алу үшін жүгінуге болады. Мысалы, есепке тұруға, сондай-ақ жұмысқа орналастыру, жәрдемақы алу, зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету бойынша қызметтер үшін. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді. Келіп, талон алып, кеңесшінің қабылдауын күту жеткілікті» — деді Ы. Биарыстанов.
Сондай-ақ әлеуметтік қызметтер үйінде мемлекеттік қызметтерді бір уақытта алуға болады. Мысалы, балабақшаға кезекке тұру және атаулы әлеуметтік көмек ресімдеу, тұрғын үйге кезекті білу мен өзінің зейнетақы жинақтарын қарауға болады.
Ынта Биарыстанованың айтуынша, жұмыстың алғашқы күндерінде тұрғын үйге кезекке тұру, халықты жұмыспен қамту, «Бастау Бизнес» курстары бойынша оқыту мәселелері сұранысқа ие болды.
Әлеуметтік қызмет көрсету үйінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға өз бетінше қызмет көрсету аймақтарында көмектесуге дайын арнайы оқытылған адамдар жұмыс істейтінін айтты. Бұрын мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызмет көрсететін көптеген ұйымдар арасында үлкен қиындықтарға тап болған.
Айта кетсек, Әлеуметтік қызмет көрсету үйі Достық даңғылында, Абай даңғылынан сәл төмен орналасқан. Онда көлік инфрақұрылымы дамыған, жанында «Абай» метро станциясы орналасқан, автобус пен троллейбус бағыттары бар.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі