Алматы қаласындағы №8 емхананың бас дәрігері коронавирусқа қарсы вакциналарға қалай сенуге болатынын түсіндірді

05.08.2021

Алматыда №8 емхананың бас дәрігері Фарида Ағыбаева қазақстандық және ресейлік вакциналарға сенімсіздіктің жалпы фонын құруға тырысатын антиваксерлерге жауап берді.

Ф. Ағыбаева Алматыда 1 миллионнан астам адам вакцинациядан өтетінін айтты. Әзірге 635 мың адам бірінші компонентті алды. 350 мыңға жуық алматылық вакцинаның екі дозасын алды. Бас дәрігердің айтуынша, бұл көрсеткіш 2 миллионнан астам адам тұратын мегаполис үшін өте аз.

«Бүгінде қазақстандықтар коронавирусқа қарсы әр түрлі вакциналарға қол жеткізе алады. «Спутник V» қазірдің өзінде Сербия, Венгрия, БАӘ, Мексика, Түркия, Бразилия, Иордания, Шри-Ланка сияқты 67 елде мақұлданды», - дейді Ф. Ағыбаева.

Оның айтуынша, коронавирусқа қарсы вакцина – бұл әлемдік медицинаның жетістігі, өйткені препараттар рекордтық қысқа уақытта жасалды. Алматы қаласының №8 емханасының бас дәрігері қазіргі ғылымды осыдан елу жыл бұрын вакциналар жылдар бойы жасалған жағдаймен салыстырудың ақылға сыймайтынын атап өтті, өйткені прогресстің дамуы арқасында олардың жасалуы өзгерді.

Ф. Ағыбаева вакцинаның кез келген штаммға әсер ететінін, себебі вирустың құрылымы өзгермейтінін және вакцина иммунитетті қалыптастыратынын айтты. Бұл ауру ықтималдығының жоқтығына кепілдік бермейді, бірақ вакциналанған адамда коронавирус жеңіл түрде және асқынбай өтеді.

Дәрігер антиваксерлерді КВИ-ге қарсы вакциналарын негізсіз сынамауға, ал халықты – медицинаға сенуге және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындауға шақырды.

«Әсіресе, қазір дерт өршіп тұрған кезде жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау, қолды жиі жуу, медициналық маскаларды қолдану, әлеуметтік қашықтықты сақтау, балаларды көп жиналатын жерлерге, үлкен ойын алаңдарына барудан бас тарту қажет», - деді Ф. Ағыбаева.

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі