Алматыда жол жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, биыл 200 көшені орташа жөндеу және 250 мың шаршы метр жол жабынын жөндеу жоспарланған.
Қазіргі кезде 44 көшеде орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның ішінде 10 көшеде жол-жөндеу жұмыстары аяқталды. Бүгінде Сәтпаев көшесі, Панфилов көшесінің Жібек Жолы көшесі мен Райымбек даңғылы аралығын, Күдерин көшесінің Рысқұлов даңғылы мен Күдерина көшесі, №1А аралығы, Тәттімбет көшесінің Қыз Жібек көшесі мен 128 үй аралығы, Есенберлин көшесі Орманов көшесі мен Тәттімбет көшесі аралығы, сондай-ақ Тәттімбет көшесі, Қыз Жібек көшесінің Достық даңғылы мен Омаров көшесі аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстарын мамыр айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Ал Жібек жолы, Бәрібаев, Құлымбетов, Варламов, Қарасай батыр көшелерін жөндеу жұмыстары аяқталды.
Ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 370 жұмыс орны құрылды, 33 бригада мен 143 арнайы техника тартылды. Қазіргі кезде 66 мың шаршы метрден астам жолды ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды, 683 люк көтерілді, 520 метр бордюр реттелді.
Қалада жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстары ақаулардың анықталуына қарай, аудан әкімдіктерінің өтінімдері, ПД ӘПБ-ның ұйғарымдары, Open Almaty-ға түскен өтініштер және т.б. бойынша тұрақты түрде жүргізіледі.
Сондай-ақ Саин көшесі - Торайғыров көшесі мен Райымбек даңғылы - Розыбакиев көшесіндегі жолайрықтарды жөндеу жұмыстары басталды. Бұдан өзге, Алматы көшесінің ұзындығы 1,2 шақырым болатын Яссауи көшесі мен Таусамалы ықшамауданындағы Рысқұлов даңғылы аралығы жөнделеді. Қазіргі кезде тұрғын үйлерді бұзу және жолды кеңейту жұмыстары жүріп жатыр.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі