Алматы қаласының Цифрландыру басқармасы digital-almaty.kz сайтының «Идеялар» мен «Оқиғалар» бөлімінде жаңа сервистерді іске қосу арқылы ІТ-стартаптармен, энтузиастармен және бизнес қоғамдастығымен өзара әрекеттестік мүмкіндігін кеңейтеді.
Егер ІТ кәсіпкер немесе компания өз жобаларын әлеуетті сатып алушыларға немесе инвесторларға жария еткісі келсе, оны «Идеялар» бөлімі арқылы жасауға болады, ол үшін жобаның мақсатын, міндетін және бұл шешімнің қалаға қандай пайдасы бар екенін көрсетіп, қажетті форманы толтыру керек. Жобаны қоғамдық талқылауға ұсыну — бұл құжатты сапалы дайындаудың, қаланың бизнес-қауымдастығымен тәжірибе алмасудың жақсы стимулы. Осының арқасында әлеуетті сатып алушылар қаладағы ІТ-шешімдердің жаңа перспективалық бағыттарын көре алады.
Егер компания IT-тақырыбына қатысты шара өткізгісі келсе, онда «Оқиғалар» бөлімінде аңонс жариялап, міндетті түрде өткізілетін шараның сайты мен бағдарламасына сілтеме көрсетеді. Бұл ІТ-шараны ұйымдастырушылар үшін мақсатты аудиторияға дөп басатын барынша сенімді сайттағы жарияланым, ал әлеуетті қолданушылар қалада өтетін ІТ-шаралар туралы дер кезінде біліп, оған қатысу үшін уақытын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік алады.
Цифрландыру басқармасында атап өткендей, бүгінгі күні виртуалды коммуникация алаңдары ІТ-инкубаторлардың жеке кеңістіктері, конференц-залдар мен оқу аудиториялары сияқты сұранысқа ие. Қаланың ІТ-қоғамдастығының түрлі топтары арасындағы өзара әрекеттестікті ынталандыру басқарманың маңызды міндеттерінің бірі, сондықтан жаңа сервистер пайдаланушылар мен ақпарат жариялаушылар үшін тегін іске қосылады.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі