27 желтоқсан күні сағат 02.00-де Алматы қаласының төменгі аудандарында қар жауа бастады. Таңғы сағат 07.00-де 5 см-ге дейін қар түсті.
Көктайғақтың алдын алу мақсатында қар жауа салысымен бастап жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіледі. 1300 тонна көктайғаққа қарсы материал пайдаланылды.
Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, ортақ пайдалану орындарын тазалау бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.
Техниканың шығуы 501 бірлікті құрайды, оның ішінде 195 құмшашқыш және 338 жол жұмысшысы. Таңертеңнен бастап 526 бірлік арнайы техника, 174 құмшашқыш және 1340 жол жұмысшысы шығарылады деп жоспарланған.
Аудан әкімдіктері мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Қазгидрометтің болжамы бойынша аралас жауын-шашын түстен кейін тоқтайды. Ауа температурасы бүгін күндіз 0, -2 градус, күннің екінші жартысында одан әрі төмендейді.
Дереккөз: Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы