Алматы қаласында 2021 жылдың 6 қазанында қар тазалау туралы ақпарат

06.10.2021

Алматы қаласында 6 қазанда сағат 2.10-нан бастап қар аралас жаңбыр жауа бастады. Бұл үзіліспен 7 қазанға дейін жалғасады деп болжануда. Таңертеңгі сағат 6-да таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 3 см қар жауды, қалада топырақтың жылы болуынан қар еруде.

Көктайғақтың алдын алу мақсатында таулы және тау бөктеріндегі жерлерде орналасқан жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіледі, сондай-ақ биік тау жолдарынан (Шымбұлақ) қар сыпырылады.

285 бірлік арнайы техниканың, оның ішінде 97 құм шашқыш және 164 жол жұмысшысының түнгі кезекшілігі ұйымдастырылды.

Аудандық әкімдіктерде қар тазалау жұмыстарының барысын бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасы

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі