Алматы қаласы халықты жұмыспен қамту орталығы тегін кәсіби курстарға қабылдайды

10.07.2020

Алматыда «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді кәсіби курстарға қабылдау басталды.

Қаланың жұмыссыз тұрғындары біліктілігін арттырып, жаңа мамандық ала алады немесе 25 мамандық бойынша қайта даярлаудан өтеді, оның ішінде тігінші, автослесарь, байланыс операторы сияқты сұранысқа ие т.б. мамандықтар бар. Мамандықтардың толық тізімі:

Оқу ұзақтығы таңдалған мамандыққа байланысты бір айдан алты айға дейін жалғасады, ай сайын 20 949 теңге мөлшерінде стипендия төленеді. Оқу аяқталғаннан кейін сертификат беріліп, жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі.

Алматы қаласында тұрақты тіркелген немесе тұрғылықты жері бойынша алты айдан астам мерзімге уақытша тіркелген жұмыссыздар курсқа жазылып, оқудан өте алады.

Курсқа жазылу үшін Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласу қажет. Мекенжайы: Назарбаев даңғ., 50.

Анықтама телефоны: +7 (727) 224-20-00, 221-66-11, 390-88-06, 390-79-38.

  • e-mail: centr_almaty@mail.ru
  • Telegram: @enbek_almaty_bot
  • Instagram: @centr_zanyatosti_almaty
  • Facebook: @cznalmaty
  • В Контакте: @centr_zaniyatosti_almaty
  • Twitter: @CZN_ALMATY