Өндірістік базаларда кезекшілік ұйымдастырылды.
Алматыда алдағы күндері күн суытып, аяз болады. Қалың қар жауып, ауа температурасы 25 гардусқа дейін төмендеуі мүмкін. Ал Шығыс Қазақстанда 43 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде. Синоптиктер осындай болжам жасады. Тиісінше, қаланың коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс кестесіне көшті.
Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Сондай-ақ, коммуналдық қызмет мамандары қала көшелері мен тротураларға тұз бен құм секілді 100 мың тонна инертті материалдар себуге дайын. Жалпы қала тұрғындары үшін қауіпсіздік қалай сақталған? Сұрақтарға қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының бөлім басшысы Айдын Айдарұлы жауап береді.
– Алдағы күндері Алматыдан бөлек, еліміздің басқа өңірлерінде де ауа-райы күрт құбылады деп болжап отыр. Мегаполис бұған қаншалықты дайын? Осы күндері қалада неше техника мен қызметкер жұмыс істейді?
– Аладағы екі аптада қалада қар жауады деп болжап отыр. Ауа температурасы түнде 18, күндіз 15 градусқа дейін аяз күтілуде. Сонымен қатар, синоптиктердің болжамына сай, алдағы аптада ауа температурасы -25 градусқа дейін төмендеп қатты аяз болады. Осыған орай қаланың коммуналдық қызметі тәулік бойы жұмысқа көшті. Сонымен қатар, өндірістік базаларда кезекшілік ұйымдастырылды. Қазір мыңға жуық арнайы техника, сонымен қоса 1400 жол жұмысшысы жұмылдырылайын деп отыр.
– Қазір Алматыда ауа-райы құбылып тұр. Бірде суытса, енді бірде күн жылынып, ғимарат пен тұрғын үй шатырларындағы сүңгі мұздар өздігінен еріп құлап жатыр. Қауіпсіздік қалай ескеріліп жатыр? Оны тазалауға жалпы кімдер жауапты?
– Ауа-райының құбылмалы болуына байланысты ғимараттардың шатырына қатқан мұздарды тазалау аудан әкімдіктерінің тікелей қарамағында. Толықтай жауап береді мамандар және кестесіне сәйкес ғимараттардағы қатқан мұзды тазартып отырады.
– Қалың қар жауып, жауын-шашын болған күндері қала көшелерінде кептеліс туындайды. Жаман айтпай жақсы жоқ, көліктердің апатты жағдайлары жиелеп жатады. Осы ретте қала тұрғындары мен автокөлік жүргізушілеріне қандай кеңес берер едіңіз?
– Көктайғақтың пайда болуына байланысты жүргізушілерге жылдамдықты азайтып, көлік арасындағы арақашықтықты ұлғайтуға кеңес береміз. Ал жаяу жүргіншілерге жолда, тротуарлармен жүрген кезде абай болуға шақырамыз. Жұмысқа кешігудің алдын-алу үшін үйден ертерек шығып және жылы киінуге кеңес береміз. Қала тұрғындары, алматылықтар жолда жүрген кезде абай болыңыздар. Өмірлеріңізге қауіп төндірмеңіздер.
Сұрақтарға Алматы қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының бөлім басшысы Айдын Қалабаев жауап бергенін еске салайық.
Дереккөз: Almaty.tv.