Кеңес құрамына 36 қоғам белсендісі және 3 мемлекеттік орган өкілі іріктеліп алынады.
Осыған орай бүгін кеңестің жұмыс тобы арнайы отырыс өткізді. Жиын барысында жаңа құрамға енетін кандидаттардан құжат қабылдау уақыты мен үміткерлерге қойылатын талаптар белгілі болды. Қоғамдық кеңес өкілі болғысы келетін азамат тиісті құжаттарды қалалық мәслихатқа 6 сәуір мен19 сәуір аралығында өткізе алады. Осыдан кейін он жұмыс күн ішінде кандидаттар сайланады. Кеңес құрамына 36 қоғам белсендісі және 3 мемлекеттік орган өкілі іріктеліп алынады.
«Қоғамдық кеңес құрамы жергілікті халық санына негізделеді. Егер тұрғын саны 1 миллионға жетсе, онда кеңеске 30 адам мүше болады. Ал миллионнан асса әр жүз мың адам үшін орын қосылады. Бізде 2021 жылдың маусымында 1 млн 900 мыңнан аса тұрғын тіркелген. Сондықтан 39 адам кеңес құрамында кіреді», – деді қалалық мәслихат хатшысы Станислав Канкуров.
Қоғамдық кеңес құрамын азаматтық сектор, саяси партия өкілдерінен, кәсіподақтық, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен ардагерлер, кәсіпкерлер мен заңгерлерден жасақталған жұмыс тобы анықтайды. Кандидаттар толық ақпаратты «Алматы ақшамы» гезеті мен мәслихат сайтынан біле алады.
«Негізі Заңнамада Қоғамдық кеңес құрамындағы мемлекеттік қызметдің үлесі 30 пайыз еді. Біз қысқартып, кеңес құрамына тек 3 мемлекеттік қызметкер енгізуді шештік. Дұрыс бағыт деп ойлаймын», – деді қалалық мәслихат депутаты Көпесбай Жампейісов.
Дереккөз: Almaty.tv.