Осы мәртебеге өтінім дайындау мәселесіне арналған жұмыс кездесуі өтті. Кітап Елшілер бастамашылық тобы өкілдерімен Алматы қаласын дамыту орталығының жобалар бас менеджері, «Ауылға кітап» әлеуметтің жобасының жетекшісі Эльмира Карманова кездесті.
Кітап астанасы мәртебесін ЮНЕСКО жыл сайын оқуды дамытуға нақты үлес қосатын, жүйелі бағдарламалары бар қалаларға береді. Әр жылдары бұл атақ Куала-Лумпур, Тбилиси, Аккра сияқты қалаларға берілген.
Кездесуде сөз болғаны - жай өтінім емес, қаладағы оқу мәдениетін күшейтуге бағытталған нақты жұмыстар. Бұл бағытта әкімдік, кітапханалар, баспалар мен мәдени жобалар бірігіп әрекет етеді.
Негізгі қадамдар айқындалды: ұйымдастыру комитетін құру, ортақ бағдарлама дайындау, нақты іс-шаралар жоспарын бекіту және бастамаларды кезең-кезеңімен іске қосу.
Ауылдағы мектептер мен кітапханаларға да ерекше мән берілді. Кітапханашылар мен мұғалімдерге арналған байқау өткізу, оқуды қызықты форматта насихаттауға көмектесетін құралдар әзірлеу жоспарланып отыр.
Ендігі міндет - сөзден іске көшу: команданы нақтылап, жауапты адамдарды бекітіп, жобаларды жақын уақытта бастау.
Жүйелі жұмыс жүрсе, Алматы оқуға қызығушылық жоғары, кітап мәдениеті қалыптасқан қала ретінде танылуы мүмкін.
