Еуропа Қайта Құру және даму банкінің (ЕҚДБ) вице-президенті Алан Пию, Орталық Азия бойынша басқарушы директор Жужанна Харгитай және ЕҚДБ-ның Қазақстан бойынша директоры Хусейн Озханның қатысуымен өткен кездесуде «жасыл» жобаларды іске асыру, сондай-ақ «жасыл бондтарды» шығару арқылы қаланың инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі бағдарламаларды бірлесіп қаржыландыру мәселелері жан- жақты талқыланды.
Кездесу барысында экологиялық мәселелерге ерекше назар аударылды. ЕҚДБ вице-президенті Алан Пию «Жасыл қала» іс-қимыл жоспарын таныстырды, онда мемлекеттік органдармен бірлесіп экологиялық мәселелерді шешу үшін жобалар пулы анықталды. Алматы ЖЭО-2-ні көмірден газға көшіру қала үшін негізгі жоба болмақ, мұнда ЕҚДБ кредиторлардың бірі болып табылады. Тараптар 2-ЖЭО модернизациялауды іске асыру барысын талқылады.
«Жасыл қала» іс-қимыл жоспары бағыттарының бірі қалалық инфрақұрылым мен «Цифрлық көшірме» жобасы процестерінің жоғары дәлдіктегі цифрлық көшірмесін жасау екені белгіленді. Жүйе климаттың өзгеруі, қоғамдық көлік, халықтың өсуі және т.б. мәселелерді қоса алғанда, әртүрлі жағдайларда инфрақұрылымды стресс-тестілеу деректерін өңдеуге арналған платформа болып табылады.
Кездесу барысында бірлескен қаржыландыру мәселелері талқыланды. Елімізде жүргізіліп жатқан реформалар мегаполиске қаржыландырудың жаңа тетігі – «жасыл» облигацияларды іске қосуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, тараптар Алматыда энергия тиімділігі және энергия үнемдеу, су, жылу шығындарын азайту үшін инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту және т. б. бойынша ESG-жобаларын іске асыру мәселелеріне де тоқталды.
Қала әкімі Ерболат Досаев ЕҚДБ 30 жыл бойы Қазақстан мен Алматы үшін ірі стратегиялық инвестор болып табылатынын атап өтті. Ол ЕҚДБ командасына белсенді ынтымақтастығы үшін алғыс білдірді, «Жасыл қала» өзекті бағыты бойынша Банкпен өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екенін растады.
Кездесу соңында тараптар алдағы жұмыстың басым бағыттарын және белсенді ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне шығу жолдарын талқылады
Дереккөз: Almaty.tv.