04.12.2020
2020 жылғы 3 желтоқсанда Алматы қаласының әкімдігі, «Атамекен» ӨКП, «Алматы» ӘКК мен Kazakhstan Growth Forum ұйымдастыруымен онлайн форматта Almaty Investment Forum 2020 өтті.
Мемлекеттік органдардың, банктердің, кәсіпорындардың, IT және инвестициялық компаниялардың өкілдері, түрлі қызмет саласындағы шетелдік сарапшылар AIF спикерлері болды.
Форумның басты мақсаты –шағын және орта бизнестің коронавирус пандемиясымен байланысты қиын жағдайдан шығуының нақты пайымын қалыптастыру және бизнесті дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашу.
Форум қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1,5 трлн теңгені ($ 3,5 млрд АҚШ долл.) құрайтын 55 меморандумға қол қойылды.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі