Құны 12 млрд теңгеден асатын мыс және алюминий созбасым шығаратын зауыт Алматының индустриялды аймағында 2021 жылдың қаңтарында іске қосылды. Өндіріс көлемі жылына 25 000 тоннадан астам өнімді құрайды. Кәсіпорында қосымша 80 жұмыс орны құрылды. Жоба Қазақстанның Ресейге, Қытайға, Парсы шығанағы және ЕАЭО елдеріне экспортының елеулі үлесі бар инновациялық өнімдерге қажеттілігін жабады.
Еуразиялық энергокомбинат бірнеше өндірісті қамтиды. Бірінші кезеңде, 2018 жылдың қыркүйегінде инвестициялық компания өндіріс қуаты жылына 100 000 км-ден астам кабель шығаратын «ЕВРАЗКАБЕЛЬ» кабельді-өткізгіш өнімдерін шығаратын зауытты іске қосты. 100-ден астам адам жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді.
«Қазақстанның инновациялық кәсіпорындарға қажеттілігі өте жоғары. Қазақстан бай шикізат базасына ие, қолайлы географиялық жағдайға ие, белсенді инвестициялық саясатты жүргізеді. Алайда өңдеу өнеркәсібінің үлесі төмен. 2018 жылы электротехникалық өнімнің импортына байланысты республиканың шығыны 2 млрд доллардан асты. КМК Investment инвестициялық компаниясының жоспары бойынша жыл сайын комбинат аумағында өңдеу өнеркәсібінде бірегей өндірістерді іске қосылады, олар ішкі нарықты дайын жоғары сапалы өніммен 100% қамтамасыз ете алады. 2022 жылға қарай қазақстандық қамту үлесі әрбір шығарылатын өнімде 98-100%-ды құрайды», — деп хабарлады «КМК Investment» ЖШС бас директорының орынбасары Андрей Приходько.
Кейінгі жылдары инвестициялық компания Алматы индустриялды аймағында полиэтилен мен пропилен, қорытпалардан жасалған аса жеңіл кабельдік науалар өндірісін іске қосуды, сондай-ақ инновациялық әзірлемелер саласында ғылыми-зерттеу институтын ашуды жоспарлап отыр.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі