Бүгінде, Алматы Индустриалды аймағында жеке инвестициясы 119,8 млрд теңге болатын 20 жоба іске асырылды.
Алматыда Индустриалды аймағының нысандары бойынша баспасөз туры өтті. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Teplostil ЖШС қасбеттік жылу панелінің өндірісі бойынша зауытын, «Hyundai Trans Kazakhstan» автокөлік құралдарының өндірісі бойынша зауытын, «Бижан» ет өңдеу зауытын, «Әлмерек» медициналық бұйымдарының өндірісі бойынша зауытын, «Ala Estate» өнеркәсіптік паркін барып көрді.
Баспасөз туры Teplostil ЖШС өндірісін барып көруден басталды, ол жыл сайын 240 000 шаршы метр жылуы бар қасбеттік жылу панелін, күшейтілген полистирол көбіктен жасалатын сәндік бұйым шығарады. Жобаның құны 800 млн теңгені құрайды, кәсіпорында 30 адам жұмыс істейді.
Екінші нысанда Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Hyundai Trans Kazakhstan автокөлік құралының өндірісімен танысты. Кәсіпорын 2022 жылы Hyundai Bayon ықшам қалалық кроссоверінің пилоттық партиясын шығаруға кірісті. Қазіргі уақытта, зауыт шағын түйін әдісімен шанағын дәнекерлеп және бояп, Hyundai автокөлік құралының – Sonata, Elantra, Santa Fe, Palisade, Tucson, Staria, i30, Bayon, сондай-ақ Tucson, Accent секілді 10 үлгісін шығаруда. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 45 мың бірлік. Зауытта 800-ден астам маман жұмыс істейді.
Сондай-ақ, тілшілер «Бижан» ЕӨЗ» ЖШС қызметімен танысты. Жыл сайын ет өңдеу зауыты Индустриалды аймақта 5 мың тоннадан астам өнім өндіреді, шұжық өнімдері мен жартылай дайын өнімдері атауының 100-ден астам түрі бар. Кәсіпорында 250 жұмыс орны құрылған.
«Әлмерек» ЖШС бір рет қана қолданылатын медициналық мақсаттағы бұйымдарының өндірісі бойынша зауыты – экспортқа бағытталған кәсіпорын. Отандық өндіруші өнімді сатуды Қазақстанның барлық өңірлерінде ғана емес, сонымен қатар, ЕуроАзиялық экономикалық одақ елдерінің нарығына шығуды жоспарлап отыр. Бүгінде, кәсіпорын жылына 28 млн бірлік өнім шығарады, 50 жұмыс орны құрылды.
Барып көрудің тағы бір нысаны «Ala Estate» өнеркәсіптік паркі болды, онда бүгінгі күні отандық дайындаушылардың бөлмеаралық есіктерінің өндірістері («LePorte M» ЖШС және «Абсолют Флор» ЖШС) және «Qulpinay» ЖШС кондитерлік компаниясы орналастырылған. Ауданы 4,3 мың шаршы метрді құрайтын өнеркәсіптік парк шағын және орта бизнес субъектілеріне 1 шаршы метрі үшін 1200 теңге мөлшерінде жеңілдетілген, бекітілген жалға алу мөлшерлемесі бойынша дайын инфрақұрылымымен дайын өндірістік үй-жайлар береді. Жоба 140 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.
Бүгінде, Алматы Индустриалды аймағында жеке инвестициясы 119,8 млрд теңгені құрайтын 20 жоба іске асырылды, 647,5 млрд теңгеге өнім өндірілді, 20,7 млрд теңге салық аударымдары төленді, 2 913 жұмыс орны құрылды.
2022 жылы 65 жұмыс орны құрыла отырып, сомасы 4,6 млрд теңгені құрайтын «Каз-Диа-Тест» ЖШС зауыты іске қосылды. Жылдың соңына дейін 211 жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 6,8 млрд теңгені құрайтын 5 кәсіпорынды («VALTHERM», «City Stone», «TEPLOSTIL», «Stroy Production», «ЭлектроБар») іске қосу жоспарланып отыр. Бұдан басқа, 2022 жылы жеке инвестицияның жалпы сомасы 1,5 млрд теңгені құрайтын, жалпы алаңы 15 300 шаршы метр болатын 4 шағын өнеркәсіптік паркті іске қосу жоспарланып отыр.
Анықтама:
Алматы Индустриалды аймағы жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында құрылды және Алматы қаласында өнеркәсіптің басым салаларын (машина жасау, тамақ, жеңіл, фармацевтика, химия өнеркәсібі, логистика, құрылыс материалдарының өндірісі) дамыту үшін көзделген. Бұл ретте, өнеркәсіп кәсіпорындарын қаланың тұрғын ауданынан басқа жаққа қайта орналастыруға, технологиялық, инновациялық өнімдер шығаруға, импортты ауыстыруға бағытталған инвестициялық жобаларға басымдық беріледі. Өнеркәсіптік аймақ аумағында барлық қажетті инфрақұрылым – газбен қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз ету, электр энергиясы, кәріз құбыры, нөсер кәрізі, интернет, кәбілдік телефония, жол желісі бар, «Индустриалды» жеке теміржол станциясының құрылысы жүргізілуде.
Дереккөз: Almaty.tv.