Алматының цифрлық инфрақұрылымының дамуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында қаланың Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев айтты.
Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы «Зерде» холдингімен бірлесе Алматы әкімдігінің ИТ-архитектурасы әзірленуде. Осы мақсатта ақпараттық жүйелерді түгендеу, қазіргі ахуалға талдау жүргізіліп, одан әрі даму басымдықтары айқындалды.
«1 жартыжылдық қорытындысы бойынша Алматы еліміздің өңірлері арасында «ақылды» қалалар рейтингінде бірінші орынға ие болды. 2019 жылы біз екінші орында болғанбыз. Бұл рейтингіні ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган «ақылды» қалалардың эталондық стандарты негізінде жүргізеді. Бұл стандарт қала тыныс-тіршілігінің 11 бағыты бойынша 100-ден астам жобаны қамтиды», — деп хабарлады Б. Қоңырбаев.
Қазіргі уақытта Алматы қаласы әкімдігі мемлекеттік қызметтерінің 90%-і электронды түрде көрсетіледі. balabaqsha.open-almaty.kz, bilimalmaty.kz ақпараттық жүйелері, «ДамуМед» медициналық ақпараттық жүйесі, «InfoLab» АЖ, автоматты диспетчерлік ақпараттық жүйесі, «Емдеуге жатқызу бюросы» порталы сияқты т.б. ақпараттық жүйелер жұмыс істейді.
Уақытылы ақпараттандыру және ИТ-қоғамдастығымен белсенді өзара әрекеттестік үшін digital-almaty.kz порталы әзірленді. Оның платформасында әзірлеушілер қаланы цифрландыру бойынша өз идеяларын ұсына алады.
«Егер сізде қызықты қосымша немесе жаңа ақпараттық жүйені құру идеяларыңыз болса, оларды порталға орналастыра аласыз. Егер сіздің ұсыныстарыңыз қызықты болса, біз оларды жүзеге асыруға көмектесеміз. ИТ-мамандарын, креативті цифрлық ұйымдастырушыларды біздің порталды өз идеяларын орналастыру үшін пайдалануға шақырамыз», — деп үндеді Б. Қоңырбаев.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі